$ 549.06  644.87  6.66

«Өз ақшама денемді бүлдіріп берді»: 22 жастағы қазақстандық қыз пластикадан кейінгі жағдайын айтты

Дәрігер бірнеше рет түзету жасаса да, жағдай нашарлаған.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Қарағандылық Вера Тен кеудеге жасалған пластикалық операциядан кейін денсаулығын жоғалтты. Төрт рет түзету жасалғанымен жағдай нашарлап, нәтиже көңіл көншітпеді. Сот дәрігерді жауапты деп таппады, ал Вера енді клиникаға қарсы заң жолымен талап қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарағандылық Вера Тен 2024 жылы Астананың бір танымал клиникасында 2 млн теңгеге маммопластика жасатқан. Алайда операция нәтижесі Вераға ұнамаған. Дәрігер бірнеше рет түзету жасаса да, жағдай нашарлаған.

"Капсулярлы контрактура – импланттардың деформациясы. Сол кезде әрдайым импланттарды ауыстыру, яғни сүт бездерін қайта протездеу қажет. Ол, менің ойымша, бұл қажеттілікті жасыруға тырысқан, себебі бұл оған қымбатқа түсетін. Жай ғана, қорлаушыдай, бірінен соң бірі кесіп отырды", – деді Вера Тен.

Соңында хирург Вераның импланттарын тегін ауыстырған, бірақ кеуде көрінісі жақсара қоймаған. Сонымен қатар қызда шаш түсуі басталған, ол жиі наркоздан болған деп болжап отыр. Қарағандылық қыз дәрігерге қарсы сотқа шағым түсіріп, моральдық зиянды өндіріп алуын талап етті. Бірақ сот дәрігерді жауапты деп таппаған. 

Вера Теннен адвокатқа кеткен шығынды өндіріп алған. Хирург пікір беруден бас тартқан, бірақ оның адвокаты Арғын Ысқақбеков жауап берді.

"Төрт араласу жасалды, олардың барлығы пациенттің эстетикалық қалауы бойынша жүзеге асты. Медициналық асқынулар анықталған жоқ. Пациенттің асқынулар бар екенін растауы жағдайында олар өз әрекеттерімен, яғни режимді сақтамаумен байланысты болуы мүмкін", – деді Арғын Ысқақбеков.

Адвокаттың айтуынша, пациент барлық манипуляцияға келісім берген және тәуекелдер туралы хабардар болған. Адвокат Ирина Маленконың пікірінше, мұндай жағдайларда дәрігермен емес, клиникамен соттасу керек, себебі дәрігер сол клиникада еңбек қатынастында болған.

"Денсаулықтың нашарлауын тіркеу қажет. Яғни операциядан кейін дәрігерге қаралып, емделген болсаңыз және денсаулықтың нашарлауы мен операция арасындағы себеп-салдар байланысы бар екенін көрсеңіз, бұл дәлелдер сіздің шағымыңыздың негізі бола алады. Сонымен қатар сапасыз медициналық қызмет көрсетілген жағдайда облыстық медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспардан тыс тексеріс жүргізуді талап ету керек. Ал ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келген болса – полицияға хабарласыңыз", – деді адвокат Ирина Маленко.

Вера Тен енді адвокат кеңесі бойынша сотқа дәрігермен емес, тікелей клиникамен жүгінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары