$ 549.06  644.87  6.66

Қарағандыда кәріз құбырын ауыстырып жатқан 2 жұмысшы ажал құшты

Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.

Фото: Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі

Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде мердігер ұйымның екі қызметкері опырылған топырақ астында қалып, қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде куәгерлердің бірі зардап шеккендердің біріне алғашқы көмек көрсетілгенін айтқан бейнежазба тараған еді. Алайда кейінірек жұмысшылардың аман қалмағаны белгілі болды.

Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деді облыстық полиция басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары