Республикамыз бойынша желдің күшейіп, тұман түседі деп күтіледі.
2025 жылғы 2 қазан, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің қалған бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы жауын-шашын әкеледі.
"Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің шығысында көктайғақ болуы да мүмкін. Үсік те жүреді.
"Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Жетісу облысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, сондай-ақ Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С-ге дейін төмендейді деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Осы уақытта Алматы мен Тараз тауларында қар жауып тұр.