02.10.2025, 18:20

«Мәхрге 3 сиыр сұрадым»: Танымал журналистің әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Медиамаман әлеуметтік желіде өз некесінен видео бөлісті.

Отандық телеарналардың бірінде еңбек ететін танымал журналист Ақбөпе Тәңірберген тұрмысқа шығып, күйеуінен мәһрге ерекше сый сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиамаман әлеуметтік желіде өз некесінен видео бөлісті.

«Мәхрге 3 сиыр сұрадым.

Себебі, жолдасымның мүмкіндігі болса менен аямай ең қымбат киім, ең әдемі зергерлік зат, ең жақсы көлікті алып беретінін білемін.

3 сиырымды алып берсе әкемнің үйіне апарамын да, жылда ұялмай ет алып отырамын», — деп жазды ол.

Бейнежазбада имам жас жұбайларға сұрақ қойып, Ақбөпеден мәһрге не қалайтынын сұрайды. Журналист «күйеуім Диас үш сиыр беремін деді» деп жауап берді. Оған имам: «Алла қаласа, Диас бауырымыз Ақбөпе қарындасымызға үш сиыр алып береді» деп тілек айтты.

Алайда мұндай сыйлыққа желі қолданушыларының басым бөлігі әзілмен қараса, кейбірі мәхр қазақта жоқ салт екенін айтуда.

«Махр қазақта жоқ салт. Оны Сіздердей қоғамға белгілі адамдар жарнамаламау керек еді. Қайта қазаққа жат дүние екенін көп насихаттаған дұрыс. Бақытты болыңыз Ақбөпе!!», «Өте дұрыс. Дәулетті болса, онсыз да қажетіңді өтейді», — деп жазды көпшілік.

Оқылып жатыр