$ 494.87  520.65  4.91

Бурабай ауданында мал фермасы өртеніп, бір адам қаза тапты

Ақмола облысында мал фермасы өртеніп, оқиға орнынан жұмыссыз адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, төтенше жағдай 18 тамыз күні Бурабай ауданының Первомайск ауылында орын алған. 

«Сағат 13-те «Әбілхайыр» ЖШС-ның мал шаруашылығы базасында шатыр өртенді. Өрт 17 сағат 10 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге 15 ауыл тұрғыны мен  мекеменің екі бірлік техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада. 

Өрт ауданы 400 шаршы метрді құрады. 

Оқиға орнында 1961 жылы туылған азаматтың жансыз денесі табылды, зардап шегуші еш жерде жұмыс істемейтіні жайлы хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары