Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жылап жатқан балалардың даусы естіледі.
Алматыда жолаушылар автобусы кенеттен соғылып, ішіндегі адамдар құлап, бірнеше бала жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жылап жатқан балалардың даусы естіледі. Куәгерлердің айтуынша, оқиға сәтінде автобус қатты соғылып, отырғандар орындыққа соғылған. Бір ананың айтуынша, оның балалары бетімен орындыққа ұрылып, қыздары айқайлап жылап жіберген.
«Егер қыздарымның қасына қысылып отырмасам, мен де құлап, бір жерімді сындырып алар едім», – дейді ол.
Желі қолданушылары оқиғаны «масқара», «қорқынышты» деп бағалап, жүргізушілердің жауапкершілігіне күмән келтірді. «Жүргізушілер үнемі асығып жүреді», – деп жазды бір пікір иесі. Тағы бірі: «Алла сақтасын, жазым ғой. Әдейі істемегені анық, бірақ балаларды жалғыз автобусқа жіберуге болмайды», – деп ата-аналарды ескертті.
Көпшілік ең бастысы – адамдардың аман қалғанына шүкірлік айтып отыр. Дегенмен, қаладағы қоғамдық көлік қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар күшейді. Әсіресе, балалардың өміріне қауіп төндіретін мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қатаң бақылау қажет екені айтылды.