Елордада Еуразиядағы ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle 2025 финалы басталды.
Елордада Еуразиядағы ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle 2025 финалы басталды. Әділ қазы алқасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров және басқа да сарапшылар бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Елордада Еуразиядағы ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle 2025 финалы басталды. Әділ қазы алқасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров және басқа да сарапшылар бар.
Биыл форумда Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдерден келген 80 стартап өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Әр стартапқа өз жобасын таныстыру үшін бір минут уақыт берілген, осы уақытта олар жобаларының ерекшелігін, мүмкіндіктерін және масштабтауға дайын екендігін көрсетуге тиіс.
Нәтижесінде 14 стартап таңдалып, форумның басты алаңында басты жүлде қоры — 125 000 АҚШ долларын ұтып алу үшін жарысқа түсіп отыр.
Финалистер арасында автотұрақтар мен инфрақұрылымды оңтайландыратын, білім саласында емтиханның әділ өтуін қадағалайтын, сондай-ақ, шағын және орта бизнес тәулік бойы жұмыс істейтін, инсульттен кейінгі оңалту үшін қолдың қозғалыстарын веб-камера арқылы бақылап, терапевтикалық ойындар негізінде жұмыс істейтін жаңа стаптаптар бар.
Сондай-ақ, спорт пен реабилитация үшін жасанды интеллект пен өз энергия көздері негізінде жұмыс істейтін киілетін сенсорлар, құрылыс және инженерия саласындағы процестерді автоматтандыратын ЖИ-агенттер, оқушылардың кәсіби бағдарлануын және психологиялық қолдауын қамтамасыз ететін жаңа бастамалар таныстырылып жатыр.