Алматы ПД мәліметінше, BDSM-студия элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген.
Алматыда полицейлер интимдік қызметтер көрсетілген жерасты BDSM-студиясын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы ПД мәліметінше, BDSM-студия элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген.
"Бұл жерде жыныстық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен онымен жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді полицияда.
Алматы ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолы кесілетінін атап өтті.
"Біздің міндетіміз – қоғамдық адамгершілікті қорғау және осы саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу", – деді ол.