$ 547.57  642.63  6.68

Атышулы рэпер P. Diddy сотталды

2025 жылдың 14 қазанында оған қатысты жаңа істер қозғалды.

Фото: BBC
Фото: BBC

Нью-Йорктегі сот америкалық рэпер Шон "Дидди" Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдағаны үшін 50 айға (4 жыл 2 ай) бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін алқабилер соты оны жезөкшелікке тарту үшін адамдарды тасымалдаудың екі эпизоды бойынша кінәлі деп таныған. Әр эпизод үшін ең ауыр жаза – 10 жылға дейін түрме жазасы көзделген. Дегенмен, рэкет және жыныстық қанау мақсатында жасалған зорлық-зомбылықтың екі фактісі бойынша Комбс ақталып шықты.

Айыптаушы тарап рэперді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Хип-хоп магнаты 2024 жылдың қыркүйегінде Манхэттендегі қонақүй фойесінде әйелдердің жыныстық зорлық-зомбылық айыптауынан кейін қамауға алынған.

2025 жылдың 14 қазанында оған қатысты жаңа істер қозғалды. Бұл жолы 2 әйел мен 4 ер адам 1995-2021 жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты сотқа шағымданды. Олар рэперді сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалауға қатысы бар деп айыптап отыр.

Пафф Дэдди деген атпен танымал Шон Комбс – 1990 жылдардағы Шығыс жағалау мен Батыс жағалау арасындағы хип-хоп текетіресінің басты тұлғаларының бірі. Ол 1997 жылы қастандықтан қаза тапқан Notorious B.I.G.-тің продюсері әрі серіктесі болған.

"Bad Boy Records" лейблін құрушы Комбс соңғы үш онжылдықта хип-хоптағы ең ықпалды продюсерлердің бірі саналады. Ол Мэри Джей Блайдж, Ашера, Лил Ким, Фейт Эванс және 112 сияқты танымал әртістермен жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары