$ 545.67  636.41  6.57

Алматыда сарбаз жоғарыдан секіріп кетті: науқастың жағдайы белгілі болды

2007 жылы туған сарбаз қазір Көпсалалы жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың қазіргі жағдайына қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2007 жылы туған сарбаз қазір Көпсалалы жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр.

"Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологі кеңес беріп, психоэмоциялық тұрғыда толық қолдау көрсетіліп жатыр. Негізгі диагнозына сәйкес емдеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізілуде", - делінген басқарма мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары