$ 545.67  636.41  6.57

Бестеректегі апат: 1 ай комада жатқан қыз бала көз жұмды

Бүлдіршін бір айдан астам уақыт кома жағдайында болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Абай облысының Бестерек ауылында тамыз айында болған жол апатынан кейін тағы бір қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүлдіршін бір айдан астам уақыт кома жағдайында болған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған еді. Toyota көлігінің жүргізушісі үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Оқиға орнында екі бала көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Тағы үш бала түрлі жарақат алған.

Президенттің тапсырмасымен жараланғандарға медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына әскери ұшақ жіберілген.

Кейін жағдайы тұрақталған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді. Қыркүйектің басында дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін және ауруханадан шығаруға дайындалып жатқанын хабарлаған.

Ал ең ауыр жараланған қыз бала алдымен Үржар аудандық ауруханасына, кейін санитарлық тікұшақпен Семей қаласына жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары