Соңғы жылдары сақтандыру моделінің енгізілуі саланың қаржылық әлеуетін күшейтті.
2027 жылға қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі денсаулық сақтау саласының басты қаржыландыру көзіне айналады. Бұл өзгеріс медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттыруы тиіс, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Соңғы жылдары сақтандыру моделінің енгізілуі саланың қаржылық әлеуетін күшейтті. МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері салаға бөлінетін қаражаттың жылдық өсімі орта есеппен 21 пайыздан асқан. Нәтижесінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 2,5 есе көбейіп, дәрігерлердің айлығы 159 мыңнан 442 мың теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ бір адамға шаққандағы медициналық шығындар 98 мыңнан 258 мың теңгеге дейін артқан. Бұл — халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі мен қызмет сапасының жақсарғанын көрсетеді. МӘМС жүйесінің басты ұстанымы — «табысы бар адам осал топқа жәрдемдеседі» қағидаты. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәсіл әлеуметтік теңдікке жол ашып, барша азаматқа сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Айта кетейік, 2026 жылы МӘМС жүйесіне деректер ұсынатын мемлекеттік органдардың тізімі жаңартылады.