07.10.2025, 17:40

«Тәрбиеші ұйықтап жатқан»: Балабақшада 2 жасар баланы иттер талап өлтірді

Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Джорджия штатында жеке балабақшада қайғылы оқиға болды. Екі ірі иттің шабуылынан бір бала көз жұмды, деп хабарлайды People басылымына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 4 қазан күні Валдоста қаласында болған. Сағат 15:45 шамасында полицияға екі иттің балаға шабуыл жасағаны туралы хабар түскен.

Тергеу кезінде иттердің 48 жастағы Стейси Уилер Коббқа тиесілі екені анықталды. Ол сол үйдің иесі әрі заңсыз жұмыс істеп келген жеке балабақшаның басшысы болған.

Полицияның мәліметінше, бала тәрбиешінің қарауынсыз шамамен екі сағат бойы қалған. Сол уақытта ол артқы аулаға шығып, иттер тұрған вольерді ашып, ішке кіріп кеткен. Осы сәтте екі ротвейлер балаға шабуыл жасаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Валдоста полициясының басшысы Лесли Манахан бұл жағдайды ауыр қасірет деп атап өтті.

“Бұл — немқұрайдылықтың салдары. Кінәлі әйелдің салғырттығынан ана өз баласынан айырылды”, — деді ол.

Қазір жеке балабақша иесі Стейси Уилер Кобб қамауға алынды.