Дәрігерлер оқушының оның кеуде тұсынан және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алғанын айтып отыр.
Қызылордада мектеп оқушысына шабуыл жасалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім 15 жастағы баланы пышақтап, ауыр дене жарақатын салған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім шұғыл түрде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлер оқушының оның кеуде тұсынан және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алғанын айтып отыр.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.