Бұл сапарға экипаж мүшелері 500 мың доллардай төледі.
Данна Қарағұсова мінген ғарыш кемесі Техастағы Ван Хорн маңында Corn Ranch алаңынан 9:41-де ұшырылды. Ұшу шамамен 10-11 минутқа созылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Қарағұсовадан бөлек экипаж құрамында кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болды. Бұл сапарға экипаж мүшелері 500 мың доллардай төледі. Видеодан көкке көтерілген сәттегі олардың қуанышты эмоциясын көруге болады.