$ 540.06  628.25  6.61

Топырақ басып қалған: Жезқазғанда жұмысшы қаза тапты

Оқиға орнына келген дәрігерлер 50 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Фото: 1news.az
Фото: 1news.az

Қайғылы жағдай Жезқазған қаласындағы Теміржол көшесінде коммуналдық жөндеу жұмыстары кезінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Halyqstan.kz мәліметінше, жер қазу барысында “Бектан” ЖШС қызметкерін шамамен екі метр тереңдікте топырақ басып қалған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер 50 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерек бойынша Жезқазған қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (“Еңбекті қорғау талаптарын бұзу, адам өліміне әкеп соғу”) бойынша іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары