Айтуларынша, қазылған аумақтар мектеп пен балабақшаға баратын жолды да жауып тастаған. Балалар мен ата-аналар батпақ кешіп, мектепке жету қиынға соғып отыр.
Қызылордалық тұрғындар тағы да жылу маусымына дайындықтың салдарын тартып отыр. Әлеуметтік желіде Муратбаева көшесі 15А және көршілес бірнеше аула тұрғындары әкімдік пен коммуналдық қызметті сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, аулалар шілдеден бері қазылып, қайта ашық күйінде қалған. Ал жұмысшылардың сөзіне сенсек, жылу қарашаның соңына қарай ғана беріледі.
— «Біздің үйде көп зейнеткер, мүгедек және бала бар. Суықтан бәріміз жаурап отырмыз, балалар жиі ауырып қалды. Әр бөлмеде жылытқыш қосып отырмыз. Неге мұндай жөндеу жұмыстары жазда жасалмайды? Неге бәрін соңғы сәтке қалдырады?» — дейді тұрғындар.
Айтуларынша, қазылған аумақтар мектеп пен балабақшаға баратын жолды да жауып тастаған. Балалар мен ата-аналар батпақ кешіп, мектепке жету қиынға соғып отыр.
Тұрғындар әкімдіктен тек жылуды ертерек қосуды емес, жұмыс аяқталған соң ауладағы қоқысты тазартуды да талап етуде.
— «Қазып кетеді де, артында қоқыс пен батпақ қалдырады. Үйдің жертөлесіне дейін кіріп, бәрін бүлдіріп кетті. Енді суық үйде тоңып отырмыз», — дейді ашынған тұрғындар.