$ 541.54  629.16  6.64

Шерзат Полат ісіндегі куәгерлер жазалана ма?

Алматы облысының прокуратурасы сот қаулысына байланысты қандай жұмыс атқарылғанын мәлім етті. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

"Ата-анасының көзінше өлтірілді" делінген 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың өліміне қатысты істе бірінші сатыдағы сот куәгерлердің әрекеттеріне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде апелляциялық сот жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырып, үкім заңды күшіне енген.  

Айта кетейік, сотта куә болған Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтерге іс қозғалуы мүмкін екені бұған дейін де жария болған. 

Алматы облысының прокуратурасы сот қаулысына байланысты қандай жұмыс атқарылғанын мәлім етті. 

– Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды, – дейді Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шерзат Полат