$ 537.77  622.95  6.65

Шерзат Полат ісіндегі куәгер қыздардың ісі қалай шешілгені белгілі болды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтып берді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Оның сөзінше, тексеру нәтижесінде олардың іс-әрекеттерінен қылмыстық құрам анықталмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

4 куәгер дегеніміз, Шерзат Полат ісінде куә ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Арлан Қазыкенов және Юлдаш Розыбакиев. 

Ержан Сәденовтің пікірінше, қаншама күмән-күдікке қарамастан, олар бастапқыда іс бойынша тек куәгер ретінде тіркелген. 

– Біз соттан алынған материалдарды мұқият қарадық және қылмыстық іс қозғауға негіз таппадық, – деді ол. 
Ол тексеру сот шешімімен қайта жүргізілгенін нақтылады әрі тексерудің сот қаулысы аясында жүргізілгенін жеткізді. 
Бұған дейін «Шерзаттың өліміне қатысты істегі куәгерлер жазалана ма?» деп сұрақ қойып, жауапты органның ресми жауабы айтылғанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары