$ 538.63  622.23  6.71

Перизат Қайрат жұмысқа кірді

Министр орынбасарының атап өтуінше, сотталушылардың жалақы мөлшері атқарған жұмыс көлеміне байланысты болады.

Фото: 01pk инстаграм парақшасынан
Фото: 01pk инстаграм парақшасынан

Сотталушы Перизат Қайраттың жұмысқа орналасу мәселесі бос жұмыс орнының болуына және оның кәсіби дағдысына байланысты шешіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков айтты. 

— Оның қабілетін тексеріп, мекемедегі бос жұмыс орнының болуын қараймыз. Егер ол сол талаптарға сай келсе, онда сотталушыны жұмысқа орналастыра аламыз, — деді министр орынбасары.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат белгіленген карантиннен өтеді.

— Мекемеге келгеннен кейін оның қабілетін зерделейміз. Қай бөлімде бос жұмыс орны болса, соны ұсына аламыз. Тігін өндірісімен айналыса алады немесе мекеме ішіндегі шаруашылық бөлімде басқа да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, — деп түсіндірді Абай Қайырбеков.

Министр орынбасарының атап өтуінше, сотталушылардың жалақы мөлшері атқарған жұмыс көлеміне байланысты болады.

— Сотталушы ең төменгі жалақы алатыны анық, — деді министр орынбасары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 39
Күлкілі 82
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары