$ 538.63  622.23  6.71

Жамбылда мұғалім дуа-сиқыр жасаумен айналысқан

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша мұғалім әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады.

"Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасап көруді жөн көргенін айтқан. Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады".Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары