$ 538.63  622.23  6.71

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті (ВИДЕО)

Ойынның 54-минутында қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қараман есепті ашып, командасын алға шығарды.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Скопье қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойынның 54-минутында қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қараман есепті ашып, командасын алға шығарды. Алайда алаң иелері көп ұзамай таразы басын теңестірді — Солтүстік Македония құрамасының капитаны Энис Барди өз командасын жеңілістен сақтап қалды.

Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталып, екі құрама тең нәтижеге қанағат білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары