Ойынның 54-минутында қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қараман есепті ашып, командасын алға шығарды.
Скопье қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ойынның 54-минутында қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қараман есепті ашып, командасын алға шығарды. Алайда алаң иелері көп ұзамай таразы басын теңестірді — Солтүстік Македония құрамасының капитаны Энис Барди өз командасын жеңілістен сақтап қалды.
Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталып, екі құрама тең нәтижеге қанағат білдірді.