14.10.2025, 11:20

«Мұғалім болғысы келді»: Жамбылдық тұрғын мектеп директорының кабинетіне тұз сепкен

Фото: Pixabay

Дуамен айналыспақ болған. 

Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасап көруді жөн көргенін айтқан. Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады", – деп хабарлады Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.