$ 537.84  626.85  6.79

Давид Дегтяров үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді

Отандасымыз әлем чемпионатында 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша 567 кило көтеріп, әлем чемпионы атанды.

Фото: ҚР туризм және спорт министрлігі
Фото: ҚР туризм және спорт министрлігі

Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлемнің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз әлем чемпионатында 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша 567 кило көтеріп, әлем чемпионы атанды.

«Өзінің спорттық карьерасында Давид Дегтярев пара пауэрлифтинг бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанып, Қазақстандағы паралимпиялық спорттың дамуына зор үлес қосты. Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Николаевич Колесников дайындаған», – деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Давид Дегтярев – пауэрлифтинг спортшысы, «Барыс» І дәрежелі орденінің иегері. Ол 2024 жылы Паралимпиялық ойындарда ең үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін паралимпиялық чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары