$ 537.84  626.85  6.79

Астанада «Дала Қырандары» ұйымы үміткерлерден норматив қабылдады

Ұйым өкілдерінің айтуынша, барлық сынақтан сүрінбей өткен жастарды енді жарғы бойынша емтихан мен білім тесті күтіп тұр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада жастар бірлестігі «Дала Қырандары» ұйым қатарына қабылданғысы келетін үміткерлерден арнайы норматив тапсырмаларын қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сынақ бағдарламасына Купер тесті және 3000 метр қашықтыққа жүгіру уақыты енгізілген. Бұл кезеңдер үміткерлердің төзімділігі мен физикалық дайындығын бағалауға бағытталған.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, барлық сынақтан сүрінбей өткен жастарды енді жарғы бойынша емтихан мен білім тесті күтіп тұр.

«Мақсатымыз – отансүйгіш, рухы мықты, ел болашағына бейжай қарамайтын жастарды тәрбиелеу», – дейді ұйымдастырушылар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары