$ 539.56  627.35  6.84

Тағы бір танымал блогердің ісі тексеруге жіберілді

Бұған дейін блогер Instagram желісінде ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Фото: instagram.com/ justking31
Фото: instagram.com/ justking31

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Нұртаза Нұрбекке (Justking31) қатысты материалдарды қаржылық мән-жайларды анықтау үшін уәкілетті органға жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

– Justking-ке қатысты материалдарды уәкілетті органға жолдадық. Олар аталған қызмет нәтижесінде қандай сомалар алынғанын және қанша қаражат жұмсалғанын анықтайды. Барлық факті нақтыланып, материалдар ұсынылғаннан кейін біз бұл әрекеттерге құқықтық баға береміз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.

Бұған дейін блогер Instagram желісінде ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары