$ 538.56  625.65  6.62

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

— Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары