24.10.2025, 16:40

Алматыда автобус аялдамаға соғылды: Зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:35-те Алматының Жетісу ауданында болған.

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:35-те Алматының Жетісу ауданында болған.

Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік сақина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, басқаруды жоғалтып алды. Нәтижесінде автобус бордюр тасына және аялдама кешеніне соғылған. Сондай-ақ сол сәтте аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып өткен, – деді полицейлер.

Жол апаты салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың бірі аялдамада тұрған жаяу жүргінші, екіншісі автобустың жолаушысы.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.