30.10.2025, 08:30

Синоптиктер 30 қазан күнгі ауа райына болжам ұсынды

Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 30 қазан, бейсенбі күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде:

жоғары өрт қаупі – Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Алматы мен Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысында және Абай облысының оңтүстігінде бар; төтенше жоғары өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шөлейт аймақтарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында күтіледі.