03.11.2025, 11:20

Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінді

Фото: pixabay

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында 2 балл шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2”, – делінген хабарламада.

Түркістан облысында есептік балл келесідей:

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.