Дубайда бүгін аяқталған жасөспірімдер арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі 13 әлем чемпионатында он жасар қазақстандық Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бибісараның жеке сайты жазғандай, Дубай шейхы Мақтұм Бин Хамданның кубогі үшін өткен шахматшылар сайысында ол турнир жеңімпазы атанып отыр.
Ал, жалпы жарысқа елімізбен қатар БАӘ, Әзірбайжан, Үндістан, Алжир, Бруней, Египет, Шри-Ланка, Иран, АҚШ, Либерия және Сирия елдерінен 130 өтініш келіп түскен.