06.11.2025, 00:30

Астанада ішіп алып көлік жүргізген судьяға қатысты тың дерек шықты

Фото: ВСС

Соттың мәліметінше, Қазақстан судьялары ерекше құқықтық мәртебеге ие болғанымен, бұл олардың заң алдында жауапкершіліктен босатылады дегенді білдірмейді.

Астана қалалық соты мас күйінде көлік жүргізген судья туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың мәліметінше, Қазақстан судьялары ерекше құқықтық мәртебеге ие болғанымен, бұл олардың заң алдында жауапкершіліктен босатылады дегенді білдірмейді.

"Әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты материалдарды ІІМ Бас прокуратураға жолдады. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес, судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін ұсынысты Жоғары сот кеңесіне енгізеді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар сот өкілдері бұл жағдай судьяның қызметтік міндетін және заңды бұзу ретінде қарастырылатынын, оған тиісті құқықтық баға беріліп, заңға сай шара қолданылатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды.

Тегтер: судья көлік