06.11.2025, 10:20

АҚШ-та Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ студенттері қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Айта кетейік, Президент бүгін Вашингтонға сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия — АҚШ» саммитіне қатысады.