06.11.2025, 11:20

Астанадағы көтерме-бөлшек базары өртке оранды (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ

Нақты мәліметтерге сәйкес, ангар үлгісіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутик өртеніп жатыр.

Қазір елорда өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан көтерме-бөлшек сауда базарларының бірінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нақты мәліметтерге сәйкес, ангар үлгісіндегі бір қабатты ғимараттағы екі бутик өртеніп жатыр.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндіру оқпандары енгізілді. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндіру жұмыстары ғимараттың құрылыстық ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін салдарынан қиындаған. Өрт сөндірушілер келген сәтте жалын толық лаулап тұрған.

Құтқарушылар ғимаратты тексеріп, өрт кезінде адамдардың ішінде болмағанын анықтады.

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылып, ашық жалын ауыздықталды, алайда сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.