06.11.2025, 11:50

Қазақстанда криптовалютаны қолма-қол ақшаға сатып алу мүмкін болады (ВИДЕО)

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлады

Жақында «Банктер және банктік қызмет» заңы қабылданса, елде криптовалютаны сатып алуға арналған арнайы платформа – «регуляторлық песочница» ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан Ұлттық банкінің орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлады

Оның көмегімен кез келген адам криптокошелек ашып, өзіне ұнайтын криптовалютаны сатып ала алады. Тіпті қолма-қол ақша арқылы да криптовалютаның белгілі бір мөлшерін алу мүмкіндігі болады. Берік Шолпанқұлов сенім білдіреді: заң қабылданған соң 2026 жылы криптовалютаны пайдаланушылар саны көп есе артады. Криптовалюталар арасында стейблкойндар да болады. Бұл – нақты ақшаға немесе нақты қаржы құралдарына тіркелген криптовалюта. Мысалы, теңге немесе акция, тауар, валюта сияқты активтермен қамтамасыз етілген. Бұл жаңалық Қазақстанда криптовалютаны қауіпсіз және қолжетімді етуге бағытталған.