Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жастағы қызды қағып кеткен жүк көлігі жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға биыл 2 сәуірде Алатау ауданында орын алды. Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды анасының көзінше басып кетті.
Айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.