Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынсыз күн райы тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сақталады.
Қазақстанда осы аптаның соңында және келесі аптаның басында ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 8–10 қараша 2025 жылға арналған болжамда айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынсыз күн райы тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сақталады.
"Атлант циклонының әсерінен Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Болжам бойынша, күндізгі ауа температурасы мынадай болады:
батыста – +5...+15°С, солтүстік-батыста – 0...+10°С, солтүстікте, шығыста және орталықта – -3...+2°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – +5...+15°С.Бұған дейін синоптиктер 7 қарашада Астана, Алматы қалаларында және 15 облыста дауылды ескерту жариялаған болатын.