$ 526.02  607.55  6.5

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан ер адамның денесі табылды

Ведомство мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.

Фото: asaiyn.baikhan
Фото: asaiyn.baikhan

Құтқарушылар мен кинологтар апат аймағында арнайы іздестіру-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдалана отырып, ер адамның жатқан орнын анықтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.

"Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан шығарып алды", – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйіндінің астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары