$ 526.02  607.55  6.5

Степногорскіде спорттық жарыстан кейін бапкерлер төбелесіп қалды

Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа төрешінің шешімі себеп болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Степногорскіде өткен балалар арасындағы спорттық жарыстан кейін бапкерлер жұдырықтасып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі region03.kz парақшасында олардың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Оқиға жарыс аяқталған сәтте трибуна маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа төрешінің шешімі себеп болған. Ата-аналар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары