$ 526.02  607.55  6.5

«Күніне 2-3 литр су ішу керек деген қате тенденция» - мәдениеттанушы Бейсен Ахметұлы (ВИДЕО)

"Минералы жоқ өлі суды ішеміз".

"Qasqa Jol" YouTube арнасы өзінің кезекті шығарылымын денсаулық тақырыбына арнады. Мәдениеттанушы Бейсен Ахметұлы ұлт денсаулығын зерттеп жүрген маман ретінде өз білгенімен бөлісіп, денсаулыққа қатысты көп кеңес айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәдениеттанушы бұрынғы қазақтардың тамақтануы мен қазіргі қазақтардың тамақтануында көп айырмашылық барын жеткізді. Осының салдарынан ауру жасарып кеткен. 

"Қазақтың тамақтану және киім кию мәдениетін 20 жылдан артық зерттеп жүрмін. Бұрынғы қазақтар тамақты қалай ішкен? Қазіргі қазақтар не үшін семіріп, кешке дейін ұйықтай береді? Қазір жарты миллионға таяу адам қантты несеп ауруымен есепте тұр. Ол не үшін? Осының бәрі бізді ойландырады. Моңғолияның да, Қытайдың да қазақтарын көрдім. Ол жақта қалқанша безі, қант диабеті, простатит секілді аурулар жоқтың қасы. Ал Қазақстанда көбейіп кеткен. Жүрек ауруымен де қайтыс болып кетіп жатқан адамдар көп", - деді ол. 

Бейсен Ахметұлы қазіргі қоғамда су ішуге қатысты қате тенденция барын айтты. 

"Бұрындары тұз салмаған шай ішпейтінбіз. Табанымызға киізден ұлтаралық салатынбыз. Қазір резеңке аяқ-киім киіп, ұлтарақ салмаймыз. Қазір 2-3 литр су ішу керек деген тенденция жүріп жатыр. Минералы жоқ өлі суды ішеміз. Өлі су адам денесіндегі минералды өзіне ұстайды да ағызып жібереді. Солай денеде әлсіздік пайда болады, табаннан суық өтеді. Одан кейін жалқаулық пайда болады. Жата берген адамның қаны қоюланады. Солай ауру көбейе береді. Екінің бірінде несие, уайым-қайғы. Содан жастары 30-ға жетпей не тіс жоқ, не күш жоқ қиналып жүрген адамдар көп. Сондықтан тамақтану мен киім кию мәдениетін дұрыстау керек. Қазақ тамағын да, дәрісін де суықрайлы, ыстықрайлы деп бөліп отырған. Бұрынғы қазақи медицинамызды қайтару керек", - дейді маман. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары