$ 526.02  607.55  6.5

Астанадағы LRT вагондарының ішкі көрінісі: алғашқы видео пайда болды

Астанада жүретін LRT пойызының ішінен түсірілген видео пайда болды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Видео «Левый берег Астана события» парақшасында Threads платформасында жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоны түсірген автордың айтуынша, ол пойыздың ішін алғашқылардың бірі болып түсірген. Кадрлардан көрініп тұрғандай, Астана бойынша жүруге дайын.

Пойыз ішкі көрінісі бойынша Алматы метросына ұқсайды. Негізгі айырмашылығы – терезеден көрініс: қараңғы туннельдің орнына – астаналық көшелер мен ғимараттар.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында Астанада LRT-ның тестілік жүруі өтті. Аким Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, желтоқсан айының соңына, сондай-ақ қаңтардың басы мен ортасына қарай барлық составтар тестілік режимде іске қосылады. Жобалық бойынша жол жүру құны – 200 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары