$ 526.02  607.55  6.5

«Энергетик ішкеннен есінен танып қалған»: Сарыағашта полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды

Жол жиегінде есінен танып жатқан бір ер адамды байқап, полицейлер дереу көмекке ұмтылды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Сарыағаш қаласында полицейлердің жедел әрекеті адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында патруль кезінде жол жиегінде есінен танып жатқан бір ер адамды байқап, полицейлер дереу көмекке ұмтылды.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды, алайда ол кешігіп келе жатқандықтан, учаскелік инспекторлар Бахытжан Уалиев пен Ералы Байдуллаев ер адамды өз қызметтік көліктерімен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің тексеруі бойынша, ер адамның жағдайы энергетик ішкеннен кейін нашарлап, есінен танып қалғаны анықталды. Полицейлердің дер кезінде және үйлесімді әрекеті нәтижесінде азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оның өмірі аман қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары