10.11.2025, 19:20

Атырауда боди-массаж жасайтын әйел клиентті пышақтап өлтірді

Фото: elements.envato.com

Қылмыстық іс пәтерлердің бірінде болған.

Атырауда қызметін пайдалануға келген адамды өлтірген боди-массажистің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қылмыстық іс пәтерлердің бірінде болған.

"Әйел мен ер адам арасында жанжал туындап, боди-массажист клиентке дене жарақатын салған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.

Күдікті қамауға алынған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қарап жатыр.