$ 523.58  605.36  6.45

Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін оған ақша ұсынған (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда ер адам 13 жастағы қызды өзімен бірге ертіп кету үшін оған ақша ұсынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қыз бала бұл ұсыныстан бас тартқан кезде ол 100 мың теңге беремін деген, кейіннен соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.

Алматы полициясы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Желідегі мәлімет бойынша оқиға Алматыда №50 мектеп маңындағы аялдамада болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары