11.11.2025, 15:20

Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Останкино телемұнарасы көк байрақпен безендірілді.

Қазақстанның мемлекеттік туы Ресейдің Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақорданың мәліметінше, қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.

«Ресей астанасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланған болатын.