11.11.2025, 17:20

«Мұндай әңгімеге тойдым»: журналист Айнұр Асанбарді Құран кітапқа қатысты жазба жариялады

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Журналист әрі блогер Айнұр Асанберді жақында ғана балалар үйі өртеніп, Құран кітаатың аман қалғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды. 

”Әмина ханымның жасаған игі ісіне әрдайым тілекшімін. ірақ кей сайттардың жарыса жазған жазбасына таң қалдым. Сонда құдай қаншама мұқтаж баланың үйін өртеп, тек өз кітабын ғана сақтап қалды дегенге сену керекпіз бе?

Балалар үйі өртеніп, Құран аман қалды деп даурығу — ауыр трагедияны жеңіл мысалға айналдыру емес па? Кінәсіз балалар тағдырынан да кітапты жоғары қоямыз ба?

Мәселе Құранда да, дінде де емес. Мәселе — қайғыны діни насихатқа пайдаланғанда. Менің шаруам қанша деп үндемей жүре беруге болатын еді, бірақ мұндай манипуляцияларға тойдым.

Адамдардың қорқынышы мен эмоциясын құралға айналдыру ешқашан игілік әкелмейді. Мұндай тәсілдер керісінше сенімге суық көлеңке түсіреді.

Қазіргі жастарды дінге осылай тарту — баяғы ескірген әдіс. Жастарға шынайылық, білім, логика қажет. Қорқыныш емес, түсіну керек», — деп жазды Айнұр Асанберді.