11.11.2025, 18:20

«Нағыз батыр қыз»: Министрлік басына кондиционер құлаған фельдшер туралы мәлімдеме жасады

Фото: Әділет Зейнелдің инстагарам парақшасынан

Ол қызметкерді "біздің заманның батыры" деп атады. 

Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде адамдарды құтқаруға тырысқан жедел жәрдем фельдшер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қызметкерді "біздің заманның батыры" деп атады. 

Вице-министр Тимур Мұратовтың айтуынша, нәзік қыз адамдардың көмекке мұқтаж екенін көріп, еш ойланбастан құтқаруға ұмтылған.

“Бұл – қазіргі медицина қызметкерлеріне тән қасиет. Ол қолдан келгеннің бәрін жасады және ең дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін”, – деді Мұратов.

Қазір фельдшер ауыр бас сүйек жарақатынан кейін ем алып жатыр. Оның көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ басының артқы бөлігі сынған. Екінші медициналық қызметкер де жарақат алып, нейрохирургия бөлімінде емделуде.