$ 523.58  605.36  6.45

Тоқаев бортын ресейлік Су-35 ұшақтары әуежайға дейін сүйемелдеп апарды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндай тәжірибе достас мемлекеттердің басшыларына қатысты қолданылады және ол мемлекетаралық қатынастар мен өзара сенімнің жоғары деңгейін білдіреді.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Мәскеуге барды. Бағдарламаға Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізу жоспарланған. Оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары