Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды.
Самара-Шымкент тасжолындағы жол апатынан аман қалған ересектердің көбі емді қабылдап, ауруханадан шықты. Ал жасөспірім әлі де ес-түзсіз жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 1 қалалық ауруханасында ем алған ересектердің бәрі де үйіне оралды. Отадан кейін денсаулығы жақсарған науқастың бірі кеше шығарылды. Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірім әлі есін жимады.
— Баланың жалпы жағдайы әлі де аса ауыр. Себебі бас миының қосарлас жарақаты бар, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды.